KK - 121
• Тоңазытқыш есіктері жиі ашылды ма? Есіктерді ашқан сайын, бөлменің ылғалдығы
тоңазытқыштың ішіне енеді. Егер сіз тоңазытқыш есіктерін жиі аша берсеңіз, оның үстіне
бөлме ішіндегі ылғалдық жоғары болса, тоңазытқыш ішіндегі ылғалдық өте тез арта
бастайды.
• Автоматты ерітуден кейін артқы қабырғада су тамшылары жиналса, ол - қалыпты жағдай.
(статикалық үлгілерде)
Егер есіктер дұрыстап ашылып-жабылмаса;
• Азық-түлік қаптамалары есіктің жабылуына кедергі келтіріп тұр ма?
• Есік бөліктері, сөрелер мен тартпалар дұрыс орналасқан ба?
• Есік тығыздағыштары сынып, немесе жыртылып қалмаған ба?
• Тоңазытқышыңыз тегіс жерге орналасқан ба?
Егер тоңазытқыш корпусының есік топсасына жанасқан жиектері жылы болса;
Әсіресе жазда (ыстық ауа райында), топсаға жанасқан тұс компрессор жұмысының барысында
тез қызуы мүмкін. Бұл - қалыпты жағдай.
МАҢЫЗДЫ ЕСКЕРТПЕЛЕР:
• Егер құрылғы өшірулі немесе желіден ажыратылған болса, компрессорды зақымдап алмас
үшін, құрылғыны қайта қоспас не желіге жалғамас бұрын кем дегенде 5 минут күте тұрыңыз.
• Егер құрылғы ұзақ уақыт бойы пайдаланылмайтын болса (мәселен, мейрам, демалыс
кездерінде), тоңазытқышты ерітіп, тазалаңыз, иіс шығып, көгеріп кетпес үшін есігін ашық
қалдырыңыз.
• Жоғарыда айтылған нұсқаулықтардың бәрін орындасаңыз да, ақау шешілмесе, жақын
маңдағы қызмет көрсету орталығына жүгініңіз.
• Сіз сатып алған құрылғы үй шаруашылығында қолдануға арналған және ол тек үйде және
көрсетілген мақсаттарға сай қолданылуы тиіс. Ол жалпы және коммерциялық пайдалануға
жарамайды. Егер тұтынушы құрылғыны аталған нұсқаулықтарға сай қолданбаса, өндіруші
мен жеткізуші кепілдік кезеңі ішінде орын алған қандай да бір жөндеу жұмыстары мен ақауға
жауап бермейтінін ескертеміз.
• Құрылғыңыздың Өнеркәсіп министрлігі бекітіп, жариялаған қызмет ету мерзімі 10 жылды
құрайды (құрылғының тиісті дәрежеде жұмыс істеп тұруына қажетті бөлшектерді сақтау
мерзімі).
Қуатты үнемдеу жөніндегі кеңестер
1. Құрылғыны салқын әрі жақсы желдетілетін бөлмеге орнатыңыз, бірақ тікелей күн сәулелерінің
астына және жылу көзінің жанына орнатпаңыз (радиатор, плита, т.б...). Немесе оқшаулағыш
тақтаны қолданыңыз.
2. Жылы тағамдар мен сусындарды құрылғының сыртында суытыңыз.
3. Мұздатылған өнімдерді еріткенде, оны тоңазытқыш бөлігіне салыңыз. Мұздатылған өнімдердің
төмен температурасы еріту барысында тоңазытқыш бөлігін салқындатуға көмектеседі. Бұл
тұтынылатын энергия көлемін азайтады.
4. Тоңазытқышқа сусындар мен сұйықтықтар салғанда, олардың бетін жауып қою керек. Әйтпесе
құрылғыдағы ылғалдық көбейіп кетеді. Соның нәтижесінде жұмыс уақыты ұзарып кетеді.
Сондай-ақ, сусындар мен сұйықтықтардың бетін жауып қою арқылы тағамның дәмі мен иісі
сақталады.
5. Тоңазытқышқа тағамдар мен сусындарды салып жатқанда құрылғының есігін барынша тез
ашып-жабыңыз.
6. Құрылғыдағы әртүрлі температурадағы кез келген бөліктің (контейнер, салқындатқыш, т.б...)
қақпақтарын жабық ұстаңыз.
7. Есік тығыздағышы таза әрі икемді болу керек. Тығыздағыштар тозып кетсе, ауыстырыңыз.