30
• Құрал мен оның жабдықтарын
құрғақ, таза және жабық
үй-жайларда сақтаңыз.
• Құралды қызу әсер ететін
жерге қоймаңыз, химиялық
сұйықтықтарға салмаңыз.
• Контакт түйіспелеріне немесе
желілерге тимеңіз, әсіресе ток
өткізетін заттарды (мысалы,
ине, қайшы, бұранда бұрағыш
т.б.) зарядтау розеткасына
сұқпаңыз.
• Тазалау, күту және техникалық
қызмет көрсетуден бұрын
және ақаулар пайда болған
кезде құралдағы барлық
қосқыштарды өшіріп, ашаны
электр желісі розеткасынан
шығару қажет.
• Зарядтағыш құралды ешқашан
дымқыл қолмен ұстамаңыз
немесе оны ағып тұрған су
тәрізді сұық затқа батырмаңыз.
Бұл электр тогы соғып, мерт
болуға әкеледі!
• Құралдың қандай да
бір зақымы бар-жоғын
уақытылы тексеріп отырыңыз.
Құралды құлатып алсаңыз,
қозғалтқышына зақым келсе
немесе функциясында ақауы
бары анықталса, онда құралды
пайдаланбаңыз.
• Құралдың, оның керек-
жарақтарының немесе зарядтау
құралының ақауларын
ешқашан өзіңіз жөндемеңіз.
Құралды тек уәкілетті
техникалық қызмет көрсету
орталығына ғана апарып
тексертіңіз және жөндетіңіз.
Құралға енгізілген өзгерістер
денсаулығыңызға қауіпті болуы
мүмкін. Сондықтан, THOMAS
түпнұсқа фирмалық бөлшектері
мен керек-жарақтарын ғана
пайдалануды ескеріңіз.
• Аталмыш құрылғы үшін тек
өндіруші мақұлдаған керек-
жарақтар мен қосалқы
бөлшектерді қолданыңыз. Өзге
жолмен кез келген қолданыс
қате деп саналады. Өндіруші
ықтимал зақымдар үшін
жауапкершілік көтермейді;
тәуекел үшін пайдаланушы ғана
жауапты.
• Басқаша қолдану түрлеріне,
құралды басқаша құрастыруға
немесе өзгертуге рұқсат
етілмейді.