100
Пайдалану
Суыру желдеткішінің жылдамдығын бақылау
үшін жəне плитаның үстіне жарық түсіру үшін,
суыру қалпағы басқару қалқанымен
жабдықталған. Астың булану
концентрациясы едəуір көбейген кезінде,
сорғыштың қарқынды тəртібін
пайдаланыңыз. Біз сорғышты тамақ пісіру
алдында 5 мин бұрын қосуға, жəне пісіріп
болғаннан кейін 15мин қосып қалдыруға
кеңес береміз.
Техникалық қызмет көрсету
Тазалау
Тазалау үшін ТЕК бейтарап жуғыш затпен
суланған арнайы шүберекті пайдаланыңыз.
ҚҰРЫЛҒЫНЫ НЕМЕСЕ ТАЗАЛАУ ҚҰРАЛЫН
ПАЙДАЛАНБАҢЫЗ! Абразиялық қоспасы бар
затты пайдаланбаңыз. СПИРТТІ
ПАЙДАЛАНБАҢЫЗ!
Майды ұстап қалу сүзгіші
Ас дайындаудағы май бөлшектерін ұстап
қалады.
Фильтрді ай сайын агрессивті емес жуғыш
заттармен, қолмен немесе ыдысжуғыш
машинада, төмен температурада, үнемді
тазалау тəртібінде жуу керек. Ыдысжуғыш
машинада жуылған май ұстайтын фильтр
түссізденуі мүмкін, бірақ одан оның сүзгіш
қасиеті мүлде өзгеріссіз қалады. Май сүзгісін
алып тастау үшін серіппелі босату тұтқасын
тартыңыз
1- сурет
Көмір сүзгіш (тек сүзгіш-сорғыш түрінде)
2-сурет
Ас пісірген кезде жарамсыз иісті ұстап
қалады. Көмірлі фильтрдің қанығуы ұзақ
пайдалану мерзімінің қысқа немесе ұзақ
өтуіне байланысты болады, ол ас үйдің түрі
мен майды ұстайтын фильтрді ұстанылған
мерзімділік тазалаумен алдын ала
анықталады. Қандай жағдай болса да,
картриджді кем дегенде 4 айда бір рет
ауыстырыңыз. Көмірлі фильтрді жууға
болмайды жəне де регенерецияға жарамсыз.
Май сүзгілерін алып тастаңыз. Көмір
сүзгілерін мотордың үстіне орнатыңыз.
Дефлектордағы R істіктерін S науаларымен
туралаңыз, одан кейін сүзгі орнында
құлыпталғанша оны сағат тілімен бұраңыз.
Көмір сүзгілерін алып тастау үшін
жоғарыдағы рəсімді кері ретпен орындаңыз.
Май сүзгілерін қайта бекітіңіз.
Шам ауыстыру
1- сурет
Аспапты электр жүйесінен өшіріңіз
Ескерту! Лампаны ұстаудан бұрын, олар
суығандығына көз жеткізіңіз. Қасиеттер
жапсырмасында немесе корпустағы шам
лампасында көрсетілгендей, ескі шам
лампасын бірдей түрдегі лампамен
алмастырыңыз. Жарық беретін бөлікке қол
жеткізу үшін А қақпағын шешу керек. Көмескі
жарық істемеген жағдайда техникалық
қызмет көрсету орталығына жолықпастан
бұрын, шамдардың дұрыс орнатылғанын
тексеріп көріңіз.